Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
78-бап. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы



Ст. 78 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242



1. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы - салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша немесе тұрақты алқалы орган.

Тұрақты мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамын, қажет болуына қарай, комиссияны тағайындаған мемлекеттiк басқару органы өзгертедi.

2. Пайдалануға қабылданатын объектiнiң маңыздылығына немесе құрылыс құнына қарай мемлекеттiк қабылдау комиссиясын:

1) орталық атқарушы органдардың немесе облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкiмдерi;

4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi тағайындайды.

3. Мемлекеттiк қабылдау комиссиялары:

1) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн үш айдан кешiктiрмей;

2) тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей алдын ала тағайындалады.

Бұл орайда осы объект бойынша комиссия жұмысының басталу және аяқталу мерзiмдерi белгiленедi.

4. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының мiндетiне:

1) жұмыс комиссиясы анықтаған шалағайлықтардың, жобадан, құрылыс нормалары мен ережелерiнен ауытқушылықтардың орындалуын белгілеу;

2) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтас алғанда объектiнiң iлгерiшiлдiгiн бағалау;

3) қолданысқа енгiзiлетiн объектiнiң (кешеннiң) жобалық қуатының (сыйымдылығының) сәйкестiгiн белгілеу;

4) қажет болған жағдайда, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылаушылық байқау және сынақ жүргiзу;

5) комиссияны тағайындаған инстанция объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы туралы дәлелдi қорытынды берiп, жобалау-iздену және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген лауазымды адамдарды заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiнде ұсыныс жасау кiредi. Бұл орайда қорытындының көшiрмелерi тапсырысшыға (құрылыс салушыға) және бас мердiгерге жiберiлуге тиiс.

5. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау фактiсi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгiлеген бiрыңғай нысандағы актiмен ресiмделедi.

6. Объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне мемлекеттiк қабылдау комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды.

Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы мүшесiнiң объектiнi пайдалануға қабылдау жөнінде ерекше пiкiрi болған жағдайда ол актіге қол қоймайды және ерекше пікірін комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынады.

Ерекше пікірді мемлекеттік қабылдау комиссиясы пікір ұсынушы комиссия мүшесінің және комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органы өкілінің қатысуымен қабылдау актісіне қол қойылғанға дейін қарауға тиіс.

7. Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамына:

1) комиссияны тағайындаған мемлекеттiк басқару органының комиссия төрағасы тағайындайтын жауапты өкiлi;

2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын бас жобалау ұйымының өкiлi;

3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердің), бас мердiгердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет орындарының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкілдерi кiредi.


8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi қабылдаған кезде мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамына:

1) жергiлiктi атқарушы органның комиссия төрағасы тағайындайтын жауапты өкiлi;

2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын мемлекеттiк құрылыс инспекторы;

3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң), бас мердiгердiң, бас жобалау ұйымының (жоба авторларын қоса алғанда), мемлекеттік өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi енгiзiледi.

10. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11. Қайта қабылдауды қоса алғанда, мемлекеттiк қабылдау комиссиясының жұмыс процесiнде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейдi.

Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.09. N 213 , 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...76 77 78 79 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 78-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242