Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары



Ст. 14 Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV



1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.

2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері лауазымы бойынша облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының төрағалары болып табылады.

3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының ұйымдық құрылымын онда өңірлердің ұлттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мүдделерін білдіру қажеттігін ескере отырып, Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келісім бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының төрағасы айқындайды.

4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады.

5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының кеңесі сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.

6. Әкім аппаратының құрылымына кіретін аппарат (хатшылық) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жұмыс органы болып табылады.

Аппарат (хатшылық) меңгерушісі өз мәртебесі бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылады, оны тиісті әкім қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары:

1) Ассамблеяның және оның Кеңесінің шешімдерін, Ассамблея Төрағасының өз шешімдері мен тапсырмаларын орындайды;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олар Ассамблея Кеңесіне жіберіледі;

3) өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады;

4) жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV