Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
6-бап. Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары



Ст. 6 Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV



Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары:

1) мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;

2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;

3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

4) этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру;

5) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

6) елде және шет елдерде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау;

7) этносаралық келісімге қол жеткізуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;

8) этносаралық қатынастар жай-күйінің, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру;

9) мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;

10) шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету;

11) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды
шешуге қатысу;

12) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық жене құқықтық көмек көрсету;

13) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;

14) этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

15) Қазақстанның басқа да этностарына өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;

16) этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет болып табылады.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV