Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
11-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi



Ст. 11 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары объектiлер мен аумақтарға қызмет көрсету жөнiндегi өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде iске асыра алады. 3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде уәкiлеттi орган iске асыратын аттестаттау және тұрақты тексерулер барысында тексерiледi. 4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының тұрақты дайындығы олардың құрамын кәсiби даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi. 5. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жедел көлiгi дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы, сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады. 6. Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары құрылған объектiлердiң басшылары құтқарушыларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң арнайы дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде тұрақты сабақтар өткiзедi және оларды бұл үшiн арнаулы киiм-кешекпен қамтамасыз етедi.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.06.23 N 55 , 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы