Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
14-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының орнын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу, тарату



Ст. 14 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Мiндеттi түрде құрылуы қажеттiгi Қазақстан Республикасының   заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын басқа жерге ауыстыруға, оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiмдеуге немесе таратуға олар қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құрамалар алдын алу және жою үшiн құрылған төтенше жағдайлардың пайда болу қаупiнiң жойылуы негiз болып табылады. 2. Мiндеттi түрде құрылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының орындарын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу немесе тарату туралы шешiмдердi: 1) республикалық және аумақтық кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;  2) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен); 3) объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша ұйымдардың басшылығы қабылдайды. 3. Ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын тарату туралы шешiмдер қабылданған кезде, олар уәкiлеттi органға хабарлайды.

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы