Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
17-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық жасау



Ст. 17 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Төтенше жағдайларды жоюға тартылған барлық күштер мен құралдарға басшылық жасауды және олардың өзара iс-қимылдарын ұйымдастыруды төтенше жағдайларды жою басшылары жүзеге асырады. 2. Төтенше жағдайларды жою басшысының өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. 3. Төтенше жағдайлар аймағына бiрiншi болып келген авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының басшылары өздерiне төтенше жағдайларды жою басшыларының өкiлеттiгiн қабылдайды және ол өкiлеттiктi төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларымен белгiленген немесе орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, осы төтенше жағдайларды жою өз өкiлеттiгiне жатқызылған ұйымдардың басшылары тағайындаған төтенше жағдайларды жою басшылары келгенге дейiн атқарып, олардың қарамағына кiредi. 4. Төтенше жағдайларды жою басшыларының төтенше жағдайларды жоюға бағытталған шешiмдерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, төтенше жағдайлар аймақтарындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады. 5. Төтенше жағдайларды жою басшыларын белгiленген тәртiпте мiндетiн атқарудан шеттетiп, басшылықты өзiне қабылдаудан немесе басқа лауазымды адамды тағайындаудан басқа ретте олардың төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарға басшылық жасау қызметiне араласуға ешкiмнiң құқығы жоқ. 6. Алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 7. Төтенше жағдайларды жою басшылары тиiстi мемлекеттiк органдарды, ұйымдардың басшылығын өте қажет болған жағдайда өздерi қабылдаған шешiмдер туралы дереу хабардар ету жөнiнде барлық шараларды қолдануға мiндеттi. 8. Алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 9. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың бүкiл көлемiн жүргiзуге технологиялық мүмкiндiк болмаған жағдайда төтенше жағдайларды жою басшылары бiрiншi кезекте төтенше жағдайлар аймақтарындағы адамдарды құтқару жөнiнде барлық мүмкiн болған шараларды қолдана отырып, аталған жұмыстарды толық немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдай алады.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.06.15 N 563, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...15 16 17 17-1 18 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы