Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
21-бап. Құтқарушылар



Ст. 21 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық куәландырудан өткеннен, дене шынықтыру жөнiндегi нормативтердi орындағаннан, құтқарушылар даярлаудың бағдарламалары бойынша оқып-үйренуден кейiн құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге аттестаттау нәтижелерi бойынша тиiстi аттестаттау органдары шешiмiнiң негiзiнде олар құтқарушы мәртебесiн алады. 2. Қазақстан Республикасының азаматтарына құтқарушы мәртебесiн беру туралы аттестаттау органдарының шешiмi қабылданған кезде оларға белгiленген үлгiдегi куәлiк, құтқарушы кiтапшасы, бетiне тегi, аты, әкесiнiң аты, қан тобы және құтқарушының тiркеу нөмiрi жазылған жетон берiледi.

Құтқарушы кiтапшасы құтқарушының құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға қатысуын есепке алуға арналған. Құтқарушы кiтапшасы туралы ереженi уәкiлеттi орган бекiтедi.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы