Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар



Ст. 1 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыптасқан ақпаратты беруді қамтамасыз ететін, навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

1-1) автобус – жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлiгі құралы;

2) автовокзал - жолаушылар легi тәулiгiне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған және оған: жетпiс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделi ғимарат, жүргiзушiлердi медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлiк пункттер және ана мен бала бөлмесi кiретiн, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешенi;

2-1) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер – жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз етуге байланысты автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;

3) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешенi;

4) автомобиль көлiгi – қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;

5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы – тасымалдау процесінің үздіксіздігін, сондай-ақ автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыстар (автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдарын сақтауға арналған құрылыстар) кешені;

6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;

7) автомобильмен тасымалдау – автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер және пошта жөнелтілімдері тасымалы;

8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi – тасымалдаушы) – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автокөлік құралдарына иелiк ететін, жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша ақылы немесе жалдамалы қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені;

9-1) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды такси жүргізушісіне беруге, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып беруге арналған, тасымалдаушы немесе өзге тұлға құратын қызмет;

9-2) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото -, бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы;

9-3) әлеуметтiк маңызы бар тасымалдаулар – қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әсер ететiн және тарифтердің қолжетiмдi деңгейi мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн қозғалу мүмкiндiгін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдаулар;

10) багаж - Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;

11) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы;

12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде тасымалдаушы көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке тұлға;

12-1) жолаушылар агенттігі – жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, тасымалдаушымен арадағы шарт негізінде өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жөнінде қызметтер көрсететін тұлға;

12-2) жолаушыларға қызмет көрсету пункті – жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін сату үшін, автокөлік құралдарының қауіпсіз аялдауына, жолаушыларды отырғызуға, түсіруге арналған алаңмен және жолаушыларды әртүрлі ауа райы жағдайларынан қорғауға арналған ғимаратпен жабдықталған, автовокзалдары немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған объект;

13) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау – тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар;

14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;

15) жолдама парақ – жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуға және бақылау жүргізуге арналған құжат;

15-1) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;

16) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;

17) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;

18) жүктер - Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік;

18-1) көліктік бақылау бекеті – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;

19) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

21) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

22) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

23) қол жүгi - салмақ және көлем өлшемдерi Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары;

23-1) өзі аударғыш – жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін шанағы бар, жүкті өзі түсіретін автомобиль, тіркеме немесе жартылай тіркеме;

23-2) сервис орталығы (шеберхана) – тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

24) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

25) такси - Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелерiне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль;

25-1) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

25-2) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;

25-3) тахограф – жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркеудiң механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;

26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен;

27) уәкiлеттi орган – автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлi мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;

29) шағын автобус - жасаушы завод жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етiп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус;

30) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер – Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;

31) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы – жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координатын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 № 209, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476