Ст. 14 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476
Автомобиль көлiгi туралы
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын бекiтедi;
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
1-1) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақты 4-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастырады;
5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
6-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
10) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
10-1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
10-2) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
3) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
3-1) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;
4) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;
5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
5-1) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-2) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?
Помогите пожалуйста
Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет
Добрый день !
Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях
Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге
Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию
Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире
Спасибо !
Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка
"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"
Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:
По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей