Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты



Ст. 19-1 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – көлiктiк бақылау) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшін жүргiзiледi.

2. Көліктік бақылау жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.

Ескерту. 19-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...18 19 19-1 19-2 19-3 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-1-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476