Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе)ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды беру тәртібi



Ст. 19-11 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Уәкілетті орган белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі рұқсат беру құжатының – ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсаттың (бұдан әрi – арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары береді.

Ескерту. 19-11-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
  

2-2-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы
талаптары


Ескерту. 2-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.

Статья 1 ...19-9 19-10 19-11 19-12 19-13 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-11-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476