Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19-12 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Автомобиль көлiгi туралы
19-12-бап. Жалпы ережелер

1. Автомобиль көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi: 

автомобиль көлiгi болып табылады, оған:  

1) автобустар;  

2) шағын автобустар;  

3) жеңiл автомобильдер;  

4) жүк автомобильдерi; 

4-1) троллейбустар; 

5) автомобиль тiркемелерi;  

6) ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелер;  

7) арнайы бейiмделген автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған);  

8) арнаулы автомобильдер (әр түрлi, көбiнесе көлiкке арналмаған жұмыстарды орындайтын);  

9) автомобиль көлiгiн жобалау;  

10) автомобиль көлiгiн шығару (жөндеу);  

11) автомобиль көлiгiн тасымалдау және сақтау;  

12) автомобиль көлiгiн кәдеге жарату және жою кiредi.  

2. Автокөлiк құралдары адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiретiн болса немесе оларды тиiстi дәрежеде орнату, қызмет көрсету және пайдалану кезiнде солардың қауiпсiздiгi мен функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын болса, нарықта сатылмауға және пайдаланылмауға тиiс.  

3. Қазақстан Республикасының нарығында сәйкестiгi расталуға тиiс автомобиль көлiгiн орналастыратын тұлға осы Заңның және техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiктi растау үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi.  

4. Қазақстан Республикасының нарығында автомобиль көлiгiн орналастыратын тұлға:  

1) "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін, тұтынушының ықтимал тәуекелдердi бағалауы және оның тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті мемлекеттiк тiлдегі және орыс тіліндегі пайдалану құжаттамасын және басқа да ақпаратты беруге; 

2) автомобиль көлiгiн сату кезiнде таңдау бақылауын жүргiзуге, тұтынушылардың шағымдарын тексеруге;  

3) автомобиль көлiгiнiң адам өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру тәуекелi болғанда, пайдаланушыны уақтылы және тиiмдi ескерту, сондай-ақ автомобиль көлiгiн қайтарып жiберетiндей қажеттi iс-шаралар жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;  

4) таратылып қойған автомобиль көлiгiнде қауiпсiздiк талаптарының бұзылуы туралы және мұндай бұзушылықтарды жою жөнiндегi өзi қабылдаған шаралар туралы тиiстi мемлекеттiк бақылау органдарына дереу хабарлауға;  

5) шығарушыдан, уәкiлеттi өкiлден, импорттаушыдан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттiк бақылау органдарынан автомобиль көлiгiнiң осы Заңның және техникалық регламенттердiң белгiленген талаптарына сәйкес келмеуi туралы ақпарат алынған болса, автомобиль көлiгiн сатпауға мiндеттi.  

5. Автомобиль көлiгiнде қажеттi ескерту жазбалары немесе қауiптiлiк және қауiпсiз пайдалану шарттары туралы белгiлер болуға тиiс.  

6. Пайдалану құжаттамасындағы қауiпсiздiк талаптары осы Заңда және техникалық регламенттердiң белгiленген талаптардан төмен болмауға тиiс. 

Ескерту. 19-12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19‑10 19‑11 19‑12 19‑13 19‑14 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться