Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
19-14-бап. Автокөлiк құралдарын шығару кезiндегi қауiпсiздiк талаптары



Ст. 19-14 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Шығару кезiнде автокөлiк құралдарының дайындалуы жобалық құжаттаманың, осы Заңның, техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi қажет.

2. Автокөлiк құралдарын шығару кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық iс-шаралар кешенiн орындауға және қауiпсiздiкке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Егер автокөлiк құралдарын дайындау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.

4. Автокөлiк құралдарын шығару кезiнде жобалық құжаттамадан ауытқу жобалаушымен келiсiледi және ол техникалық регламенттерде белгiленген жол берiлетiн тәуекелден аспауға тиiс.

Статья 1 ...19-12 19-13 19-14 19-15 19-16 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-14-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476