Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың түрлері



Ст. 19-2 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Көліктік бақылау мына түрлерге бөлінеді:

1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының өтуін бақылау;

 2) автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар талаптарын сақтау тұрғысынан бақылау.

2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлік кәсіпорнының қызметін тоқтатпауға тиіс.

3. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

 4. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

  Ескерту. 19-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 19-1 19-2 19-3 19-4 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-2-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476