Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19-6 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Автомобиль көлiгi туралы
19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар

1. Автомобиль көлігінде кәсіпкерлік субъектілеріне тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдары жарғымен және мына: 

1) мамандар мен жүргiзушiлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн растайтын;  

2) белгіленген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру үшін қажетті (куәліктермен, қозғалыс кестелерімен, маршруттар схемаларымен, автовокзалдармен, автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келісімшарттармен); 

3) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға уәкiлеттi орган берген арнайы рұқсатпен, қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкісімен, автокөлік құралы жүргізушісіне қауіпті жүк тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікпен, көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікпен); 

4) автокөлiк құралдарына арналған (белгiленген нысандардағы жол парақтары мен тауар-көлiктiк құжаттармен, билеттiк-есепке алу парақтары және оларды есепке алу журналдарымен); 

5) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті (тахографтарды салыстырып тексеру жөнінде жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттеу аттестаты, тахографты салыстырып тексеру туралы сертификат, тахографты кезеңдік тексеру туралы куәлік, тахографтармен жұмысты есепке алу журналы, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама); 

6) тасымалдаушының тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруына арналған (тауар-көлік жүкқұжаты, жол парақтары, жүкті өлшеу (салмағын өлшеу) актілері, тиеу-түсіру және қосалқы жұмыстар жүргізуге арналған штаттық және қосалқы жабдықтың ұлттық стандарттарға сәйкестік сертификаттары, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама) құжаттармен танысады. 

2. Тексеру жүргiзу кезiнде қажеттi құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi айқындалады.  

3. Автомобиль көлiгiндегi кәсіпкерлік субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде өз құзыретi шегiнде тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:  

1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндiрiстiк базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсiру тетiктерiнiң, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтiк үй-жайдың (меншiктi жөндеу және өндiрiстiк базасы жоқ және басқа кәсiпорындармен тиiстi жұмыс түрлерiн орындауға шарт жасасқан кәсiпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйiн, сондай-ақ автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң экологиялық талаптар мен жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың нормаларын сақтауын;  

2) автокөлiк құралдарының техникалық пайдаланылуының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн;  

3) автокөлiк құралдарын рейс алдында техникалық қарап тексеруден өткізу, жүргiзушiлерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізу үшін қызметтер мен бiлiктi персоналдың не мұндай қызметтi жүзеге асыратын тиiстi ұйымдармен шарттардың болуын және олардың сәйкестiгiн;  

4) жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру немесе автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерін көрсету кезінде Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын; 

4-1) тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін; 

5) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптардың орындалуын және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін өлшемдерге сәйкес болуын; 

6) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде, жолаушылардың, багаж бен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану жөнiндегi қағида талаптарының орындалуын;  

7) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

8) автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын; 

9) автокөлiк құралдарын жолаушыларды және тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ тасымалдау кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы талап етiлетiн жүктердi халықаралық тасымалдауға жiберу туралы аталған мемлекеттiк органдардың қорытындысы болуы жөнiндегi талаптардың орындалуын;  

10) бақылау-өткiзу пункттерiнде қажеттi құжаттама мен аспаптардың болуын;  

11) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

12) Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидалары талаптарының орындалуын; 

13) жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қатысты Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын тексереді. 

Ескерту. 19-6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19‑4 19‑5 19‑6 19‑7 19‑8 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться