Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
19-7-бап. Көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi уәкiлеттi органның құзыретi



Ст. 19-7 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:

1) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдану;

2) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының автомобиль көлігі саласында сақталуын бақылау;

3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылау;

4) тасымалдаушылардың Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;

5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;

6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн сақтауын бақылау;

7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын сақтауын бақылау;

8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын бақылау;

9) автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ орнатылған жанармай бактарының жасаушы заводтың талаптарына сәйкестiгiн бақылау;

10) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған рұқсат беру құжаттарының болуын тексеру, жүру маршруты мен кестесiнiң сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдау кезiнде жолаушылар тiзiмiнiң болуын бақылау;

10-1) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;

11) шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;

12) шетелдiк көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгiленбеген өткiзу пункттерi арқылы кiруi фактiсiн айқындау;

13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеу;

14) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсаттар беру;

15-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;

16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру;

17) Алынып тасталды - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

18) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

19) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20) транзиттiк әлеуеттi қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлiк құралдары жүрiсiнiң жиiлiгiн есепке алу, белгiленген нысандағы есеп беру құжаттары түрiнде жинақталған ақпаратты берудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;

21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен автомобиль көлiктерiнде және автожолдарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;

22) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;

23) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылау;

24) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру.

Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында осы баптың бірінші бөлігінің 2) (лицензияның болуын бақылау бөлігінде), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Ескерту. 19-7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...19-5 19-6 19-7 19-8 19-9 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-7-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476