Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Автомобиль көлiгi туралы
20-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Жолаушының:  

1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен, троллейбуспен және таксимен жол жүруді жүзеге асыруға; 

2) жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға;  

3) сатып алған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын алуға;  

4) егер ол жеке орын алмаса, өзiмен бiрге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін, не таксиден басқа көлікте, он бес жасқа дейiнгi балаларды оларға жеке орын беріп, елу пайыз мөлшерде жол ақысын төлеп, алып жүруге; 

5) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;  

6) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;  

7) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус ұсынса, үстемеақы төлемей, сатып алынған жол жүру құжаты (билетi) бойынша жол жүруге;  

8) жол жүру құжатын (билетiн) тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және көзделген алымдар шегерiле отырып, тасымалдауға төленген соманы керi қайтарып алуға;  

9) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен жоғалған (бүлінген) жол жүру құжатын (билетті) қалпына келтіруге; 

10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген нормалар шегiнде қол жүгiн өзiмен бiрге тегiн алып жүруге;  

11) тариф бойынша ақы төлеп багажды тасымалдауға өткiзуге;  

12) тасымалдауға тапсыру кезiнде багаждың құндылығын жариялауға;  

13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тасымалдау сапасы деңгейiнiң оның сертификатына сәйкестiгiне дауласуға құқығы бар.  

Жолаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.  

Әлеуметтік маңызы бар қатынастарда, сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауларда "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар. 

2. Жолаушы:  

1) электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға; 

1-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге; 

2) қоғамдық тәртiптi, Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға;  

3) егер шартта өзгеше көзделмесе, құндылығы жарияланған багажды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының көрсеткен қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi.  

Жолаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттер атқарады. 

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19‑17 19‑18 20 21 21‑1 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться