Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
21-1-бап. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру



Ст. 21-1 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ұлттық стандарттармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізу;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тетіктерді қолдану арқылы автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастырады.

2. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.

Ескерту. 3-тарау 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...20 21 21-1 22 23 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-1-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476