Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Автомобиль көлiгi туралы
29-бап. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерi

Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерiнде:  

1) жол жүру құжаттарының (билеттердiң), багаж түбiртектерiнiң нысаны, сатылу тәртiбi мен қолданылу мерзiмi;  

2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртібі, тасымалдаулардың көрсетілген түрлерiн орындау үшiн пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитариялық жай-күйiне, сыртқы безендiрiлуiне және жабдықталуына қойылатын талаптар; 

2-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауларда шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру тәртібі; 

3) жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi; 

4) маршрутқа қызмет көрсету құқығына куәлiк беру, тоқтата тұру және керi қайтарып алу тәртiбi мен шарттары, оны беруден бас тарту шарттары мен негiздерi, сондай-ақ нысаны;  

5) автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібі; 

6) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;  

7) тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;  

8) жолаушыларды және багажды таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;  

9) багажды қабылдау, сақтау және беру тәртiбi;  

10) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) және олардың құнын қайтару тәртiбi мен шарттары;  

11) халықаралық және республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн, сондай-ақ таксимен тасымалдау кезiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн безендiру мен күтiп-ұстауға қойылатын талаптар; 

12) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртiбi; 

13) жол жүру құжаттарын (билеттерді) алдын ала және электронды сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі; 

14) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтеріне қойылатын талаптар айқындалады. 

Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен
тасымалдау


Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 499-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...27‑1 28 29 30 31 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться