Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар



Ст. 45 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын тасымалдаушылар халықаралық талаптарға сай келетiн, өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануға тиiс.

Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қолданылмайды.

2. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбегі мен тынығуы режимiн сақтауға мiндеттi.

3. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдаулар уәкілетті орган беретін автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету туралы куәліктің және автокөлік құралдарына рұқсат ету карточкасының негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға қойылатын талаптар Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасында белгіленеді.

4. Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдарында автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган беретін Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында белгіленген талаптарға олардың сәйкестігі туралы куәлік болуға тиіс.

 Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
6-тарау. Автомобиль көлігіндегі жауапкершілік

Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 45-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476