Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
51-бап. Тасымалдаушының жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiгi



Ст. 51 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Тасымалдаушы жүктi немесе багажды тасымалдауға қабылдап алған кезден бастап - алушыға, оған уәкiлеттi адамға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Тасымалдаушы, егер жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетіспегені немесе зақымданғаны (бүлінгені) үшін жауап бередi.

3. Жүктi немесе багажды тасымалдау кезiнде келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде өтеледi.

4. Тасымалдаушы анықталған зиянды өтеумен қоса жөнелтушiге (алушыға) жоғалған, жетiспеген, бүлiнген немесе бұзылған жүк пен багажды тасымалдағаны үшiн өндiрiп алынған тасымалдау төлемақысын, егер бұл ақы жүктiң құнына кiрмесе, қайтарады.

Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 51-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476