Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi



Ст. 8 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Автомобильмен тасымалдау:

1) жолаушылар мен багажды тасымалдау;

2) жүк тасымалдау;

3) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау болып бөлiнедi.

2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау:

1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулар;

2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.

3. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) қалалық (ауылдық) – елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау;

2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;

3) ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;

4) ауданаралық (облысішілік қаларалық) – бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;

5) облысаралық қалааралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендердің арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау.

3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипаты бойынша тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 499-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476