Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар



Ст. 9 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде:

1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;

2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;

3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;

4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады.

2. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді сервис орталықтары (шеберханалар) жүзеге асырады.

3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды пайдалану жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оларда:

1) жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар;

2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар;

3) тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар;

4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі;

5) электрондық (цифрлық) тахографтарға арналған электрондық карточкаларды сертификаттау, дайындау және беру тәртібі;

6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автобустарды, жүк автомобильдерін, оның ішінде арнайы бейімделген автомобильдерді:

1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);

2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;

3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;

4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;

5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;

6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) пайдалануға жол берілмейді.

5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.

6. Жеке немесе заңды тұлғалар электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
  

2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476