Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Автомобиль жолдары туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені; 

1-1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам; 

1-2) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 

2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 

3) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi; 

4) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені; 

5) автомобиль жолын жөндеу – ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені; 

6) автомобиль жолын күрделі жөндеу – қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені; 

7) автомобиль жолын күтіп ұстау – автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені; 

8) автомобиль жолын орташа жөндеу – автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені; 

9) автомобиль жолын реконструкциялау – автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені; 

9-1) автомобиль жолының учаскесі (бұдан әрі – жол учаскесі) – автомобиль жолының жалпы ұзындығы шегіндегі жол кесіндісі; 

10) автомобиль жолының ұзындығы – километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы; 

11) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) – ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері); 

11-1) ақылы қозғалысты ұйымдастыру – жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешендерін енгізу және орнату, сондай-ақ ақылы автомобиль жолын басқару арқылы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алу жөніндегі іс-шаралар; 

12) ауыр салмақты көлiк құралы – толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы; 

13) габариті iрi көлiк құралы – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген габарит мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы; 

13-1) жол активтері – нақты көліктік-пайдалану жай-күйі мен құн бағасы ескерілген автомобиль жолдары мен ондағы құрылысжайлар; 

13-2) жол активтерін басқару – автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға бюджет шығыстарын тиімді жоспарлауға бағытталған, жол активтерінің диагностикасы және аспаптық зерттеп-қарау, сондай-ақ жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі қызмет; 

13-3) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы – жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға; 

14) жол бойындағы белдеулер – көлiк жүрісін және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi; 

14-1) жол бойындағы сервис объектілері – жол бойындағы белдеуде орналасқан және жол жүрісіне қатысушыларға жүру жолында қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылысжайлар (мотельдер, қонақүйлер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожанармай құю станциялары, тамақтану, сауда, байланыс, медициналық көмек пункттері, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері және өзге де қызметтер көрсету объектілері); 

15) жолға бөлiнген белдеу – автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi; 

15-1) жол дерекқоры – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін ашық, автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі; 

15-2) жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі – автомобиль жолдарының қолданыстағы жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оларды ұстап-тұру және жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені; 

16) жол қызметі – автомобиль жолдары мен олардағы құрылысжайларды жобалау, салу, реконструкциялау мен жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану, жол активтерін басқару, сондай-ақ ақылы жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі қызмет; 

17) жол қызметiн басқару – жолдардағы қозғалысты ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртiбiн қамтамасыз етуге, ұлттық стандарттар мен озық технологияларды енгiзу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi; 

18) жол қызметінің объектілері – жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені; 

19) жол органы – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 

19-1) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарының түрі; 

20) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

20-1) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені – жүріп өту үшін ақы алуға арналған, автомобиль жолы жабдығының, бағдарламалық жасақтамасының және элементтерінің жиынтығы; 

21) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы; 

22) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...30

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться