Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19-4 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Автомобиль жолдары туралы
19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

1. Жолдардың жай-күйi Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және көліктік-пайдалану жүктемесі деңгейiне сәйкес келуге тиiс.  

Жол жиегiндегi белдеулердiң енi жолдың осы түрi үшiн белгiленген нормалардан кем болмауға тиiс.  

Ақпараттық нұсқағыштар мен белгiлер жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс. 

Жолдардың құрамы өңiрдiң климаттық ерекшелiктерi мен көлiктiк-пайдалану жүктемесiн ескере отырып, оларды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.  

2. Автомобиль жолдарының және елдi мекендер көшелерiнiң жүргiншiлер бөлiгi, жаяу жүргiншiлер мен велосипед жолдары тротуарларының, отырғызу алаңдарының, аялдама пункттерiнiң жабыны, сондай-ақ бөлу жолақтарының, жол жиектерiнің және жер төсемі еңістерінің беті Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін жағдайда болуға тиiс.  

Жол жамылғыларында есептiк жылдамдықты және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi беткi қабат болуы керек.  

Жүргiншi бөлiктiң жамылғысында отырып қалған жерлер, ой-шұңқырлар, көлiк құралдары қозғалысын қиындататын өзге де ақаулары болмауға тиiс.  

Қыс кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн және оны тиiстi шаралар қабылдау арқылы ұйымдастыру барынша қамтамасыз етiлуi қажет.  

3. Жол-көлiк оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргiзу орындарындағы көлiк құралдары кiдiрiстерiнiң алдын алу үшiн жұмыстарды жүргiзетiн орындарда қоршау қондырғыларын, белгiлер және таңбалар орнату көзделуi, сонымен бiрге олардың тәулiктiң кез келген уақытында көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлуi керек.  

Жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгiлер, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелерi, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелерi) тәулiктiң кез келген уақытында жақсы көрiнiп тұруға және ажырататындай болуға тиiс. 

4. Жол қозғалысы, жолға күтiм жасау және оны ұстау салдарынан болған шу, дiрiл және ауа мен судың ластану деңгейiн автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгiленген талаптар негiзiнде тиiстi шаралармен шектеп отырған жөн. 

Ескерту. 19-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19‑2 19‑3 19‑4 19‑5 20 ...30

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться