Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль жолдары туралы

Автомобиль жолдары туралы
23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi



Ст. 23 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245



1. Автомобиль жолдарына аумақтары жалғасатын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:

1) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуды Ұлттық оператормен келiсуге;

2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды және оларға кiрме жолдарды техникалық жағынан дұрыс және тиiстi санитариялық жағдайда ұстауға, қоқыстан, ластан және қардан тазартып отыруға;

3) көрудi қиындататын және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн нашарлататын материалдар мен конструкцияларды жол бойындағы белдеуге жиып қоюға жол бермеуге мiндеттi.

2. 1-тармақта көрсетiлген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...30 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245