Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль жолдары туралы
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау



Ст. 27 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245



1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп ұстау және оларды пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.  

2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөнiндегi шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.  

3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелерді олардың иелері немесе пайдаланушылары тиісті түрде күтіп ұстауға тиіс.  

4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.  
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 Ескерту. 5-тарау алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор
 Ескерту. Заң 6-тараумен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...25 26 27 29 30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245