Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 30 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Автомобиль жолдары туралы
30-бап. Ұлттық оператордың өкілеттіктері

Ұлттық оператордың өкілеттіктеріне: 

1) мемлекеттік тапсырма негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру; 

2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде не тартылған инвестициялар есебінен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру; 

2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау; 

2-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 

3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың барысы мен сапасын бақылау; 

3-1) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды басқару; 

4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органына енгізу; 

4-1) алып тасталды – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4-2) алып тасталды – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4-3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу; 

5) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы жинау; 

6) ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) қызметін ұйымдастыру; 

6-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, ақылы жол жүруді ұйымдастыру және жол бойындағы сервис объектілерін дамыту мақсаттары үшін инвестициялар тарту; 

7) автомобиль жолдарымен жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ габариті ірі және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары туралы ақпаратты есепке алу және автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну; 

7-1) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату; 

7-2) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

8) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуіне кедергі келтіретін ақауларды жою; 

9) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушыларға ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтудің құны мен олардың ұзындығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланудың тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы ақпарат беру; 

9-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарына (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өту үшін арнайы рұқсат беруді келісу; 

9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру; 

9-3) республикалық және халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу; 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады. 

Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Қазақстан Республикасының
Президенті
Статья 1 ...27 29 30

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться