Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль жолдары туралы

Автомобиль жолдары туралы
4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар



Ст. 4 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245



1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін.  

2. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға берілуі мүмкін. 

2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін. 

2-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылуы мүмкін. 

3. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады.  

5. Елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады.  

6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары оларды салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 168, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 4-1 5 ...30 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245