Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль жолдары туралы

Автомобиль жолдары туралы
5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау



Ст. 5-1 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245



 Ескерту. 5-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:

 1) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне арналған І техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);

 2) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне не жүк автомобиль көлігіне ғана арналған ІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);

 3) жүк автомобиль көлігіне арналған ІІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);

 4) астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін.

2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды.

3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:

1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;

2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;

3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;

4) ұзындығы;

5) жүріп өту үшін ақы мөлшерлемесі;

6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;

7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.

4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.

Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05.   N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4-1 5 5-1 5-2 5-3 ...30 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-1-бап Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245