Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Экспорттық бақылау туралы

Экспорттық бақылау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы мүмкін жабдықтар, материалдар, шикізат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;  

2) жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару;  

3) жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);  

4) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтар - қару-жарақпен, әскери техникамен, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар мен үш деңгейлі шығармаларға авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішінде "ноу-хау" өндірісінің құпияларына құқықтар;  

5) импорт – өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу; 

6) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі - импорттаушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу және оны уәкілетті органның келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендіруі;  

7) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) - импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің ресми сендіруі;  

8) кері импорт - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген қазақстандық өнімнің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі;  

9) кері экспорт - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген, оның аумағына бұрын әкелінген өнімді әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнімді басқа мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;  

10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары - заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;  

11) өнім - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат;  

12) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және өнімді кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;  

13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) - экспорттық бақылауға жататын тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және ақпараттың тізбесі;  

14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) - өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;  

15) транзит - өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;  

16) тұтастай қамтитын бақылау - өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін өнімді бақылау;  

17) уәкілетті орган - экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;  

18) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі - экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;  

19) экспорт – өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету; 

20) экспорттық бақылау - өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;  

21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар - ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимнің талаптарына сәйкес осындай деп айқындалған материалдар.  

 Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300