Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Экспорттық бақылау туралы
15-бап. Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу



Ст. 15 Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300



 Ескерту. 15-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Шет мемлекеттер Қазақстан Республикасы алдында алған міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері бойынша өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне Қазақстан Республикасының шектеулер енгізуге, оларға эмбарго белгілеуге дейін құқығы бар. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мүдделерін негізге ала отырып, өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне шектеулер енгізілетін мемлекеттердің тізбесін белгілейді және жекелеген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты санкция туралы ақпаратты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) назарына жыл сайын жариялап отырады.

 Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300