Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Электр энергетикасы туралы

Электр энергетикасы туралы
17-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы шарттар



Ст. 17 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588



 1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу бойынша қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:

1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;

2) энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын резервтеу тәртiбi болуға тиiс.

 3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарда, орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттарында шарттар бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату шарттары мен тәртiбi қамтылуға тиiс.

Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136; 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15-3 16 17 18 19 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588