Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Электр энергетикасы туралы
20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар



Ст. 20 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588



1. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Жүйелiк аварияларды жою үшiн жүйелiк оператор меншiк нысанына қарамастан кез келген энергия өндiрушi ұйымдардың резервтiк қуаттарын және тұтынушылардың автономиялық қоректену көздерiн тартады.

3. Авариялық бұзылыстарды жою үшiн қуат жетiспеген кезде жүйелiк оператордың су электр станцияларының авариялық резервiн пайдалану үшiн гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекiтiлген кестелерiне жедел өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.

4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр тогының нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588