Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Электр энергетикасы туралы
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



Ст. 5 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588




 Уәкiлеттi орган:

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесiн әзірлейді және бекітеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) есептiк тарифтi айқындау, шектi және жеке тарифтердi бекiту тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) үлгiлiк инвестициялық шартты, үлгiлiк келiсiмдi әзірлейді және бекітеді;

5) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

7) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

5-бапты 7-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

8) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

8) шекті тарифтерді бекітеді;

9) электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

10) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

11) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

12) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

13) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

14) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;

15) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

16) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;

17) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

19) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

20) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

21) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

22) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

23) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;

25) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

26) электр желілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

27) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

28) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

29) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

30) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

30-1) электр және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және оларды күзету қағидаларын, сондай-ақ осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;

30-2) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

31) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

32) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

33) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

35) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

36) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

37) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

39) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

41) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

42) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

43) жүйелік операторды айқындайды;

44) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;

45) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;

47) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

48) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;

49) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекітеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

50) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

50) энергия өндiрушi ұйымдар топтарын қалыптастырады;

 РҚАО-ның ескертпесі!

51) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

51) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

51) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) – 8) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

52) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

53) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;

54) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;

56) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

57) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

58) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

58) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;

59) энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

60) энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

61) инвестициялық бағдарламаны әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi және бекітеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

62) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

62) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;

 РҚАО-ның ескертпесі!

63) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

63) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;

64) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;

65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;

66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;

67) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;

68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;

69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

70-1) электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;

70-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекітеді;

70-3) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

70-4) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

 РҚАО-ның ескертпесі!

70-5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

70-5) электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;

70-6) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

70-7) 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен.

 РҚАО-ның ескертпесі!

5-бапты 70-8) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

70-9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

5-бапты 70-10) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

70-11) және 70-12) тармақшалармен жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

70-13) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

70-14) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

70-15) және 70-16) тармақшалармен жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

5-бапты 70-17) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

70-18) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

5-бапты 70-19) және 70-20) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

70-21) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

70-22) міндетті ведомстволық есептілік нысандарын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;

71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...3-1 4 5 5-1 6 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588