Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Электр энергетикасы туралы
7-3-бап. Энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу



Ст. 7-3 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588



 1. Энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеуді мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган жүзеге асырады.

Электр зертханаларын аккредиттеуді мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

2. Заңды тұлғалардың энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады.

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың электр зертханаларын аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері электр зертханаларын аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады.

Энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды комиссия олар мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап есептелетін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады.

3. Оң шешім қабылданған жағдайда, мұндай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлік беріледі.

Аккредиттеуден бас тартылған кезде, комиссия мұндай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осындай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, уәжді жазбаша жауап жіберіледі.

Мыналар:

1) берілген ақпараттың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

2) өтініш берілген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы аккредиттеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

4. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық бөлімшесі берген аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады.

5. Мыналар:

1) аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші;

2) аккредиттелген субъектінің таратылуы;

3) соттың заңды күшіне енген шешімі аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату үшін негіздер болып табылады.

6. Энергетикалық сараптама жүргізу үшін өтініш берушіге және электр зертханаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленеді.

 Ескерту. 2-тарау 7-3-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...7-1 7-2 7-3 8 9 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-3-бап Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588