Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Электр энергетикасы туралы

Электр энергетикасы туралы
9-1-бап. Жалпы ережелер



Ст. 9-1 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588



1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желiлерiн, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезiндегi ұйымдастырушылық iс-шаралары адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.

2. Электр жабдықтары, электр және жылу желiлерi, электр және жылу энергиясын өндiруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткiштерi белгiленген нормаларға сәйкес келуге тиiс.

4. Мыналар:

жұмыс кернеуiнiң атаулы мәннен барынша ауытқуы;

электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.

5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлері белгіленген температура кестесіне сәйкес болуға тиіс.

 Ескерту. 9-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...8 9 9-1 9-2 9-3 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-1-бап Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588