Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану



Ст. 10 Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ



1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең және мынадай шарттар орындалған кезде:

1) тiркеу куәлiгi бар ашық кiлттiң көмегiмен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда;

2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне заңды түрде иелiк еткенде;

3) электрондық цифрлық қолтаңба тiркеу куәлiгiнде аталған мәлiметтерге сәйкес пайдаланылғанда;

4) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаны жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, бiрдей заңдық салдарға әкеп соғады.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.

Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.

3. Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін иеленуші – заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе өзі тағайындаған адамға осы заңды тұлғаның атынан электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкілеттік беруге құқылы.

 Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ