Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
18-бап. Тiркеу куәлiгiн керi қайтарып алу



Ст. 18 Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ



1. Тiркеу куәлiгiн берген куәландырушы орталық оны мынадай жағдайларда:

1) тiркеу куәлiгi иесiнiң немесе оның өкiлiнiң талап етуi бойынша;

1-1) тіркеу куәлігін алған кезде анық емес мәліметтер беру фактісі анықталғанда;

2) тiркеу куәлiгiнің иесi қайтыс болғанда;

2-1) тіркеу куәлігін иеленушінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгергенде;

2-2) тіркеу куәлігін иеленуші – заңды тұлғаның атауы ауысқанда, ол қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда;

3) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) куәландырушы орталық пен тiркеу куәлiгiнің иесi арасындағы келiсiмде көзделген жағдайларда;

5) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша керi қайтарып алады.  

2. Куәландырушы орталық тiркеу куәлiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және мерзiмде керi қайтарып алады.  

3. Тiркеу куәлiгін жою кезiнде куәландырушы орталық тiркеу куәлiгiнің иесiн хабардар етуге және тиiстi ақпаратты алған кезден бастап кемiнде бiр күн мерзiмде тiркеу куәлiктерiнің тiркелiмiне өзгерiстер енгiзуге мiндеттi.

 Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ