Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті

Ст. 5 Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган: 

1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 

3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; 

4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

5) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекітеді; 

6) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 

7) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекітеді; 

8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді; 

9) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекітеді; 

10) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекітеді; 

11) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді; 

12) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 

13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді; 

13-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;  

13-2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқама береді; 

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2. Архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы: 

1) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; 

2) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді; 

3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 

4) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді; 

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...3 4 5 5‑1 6 ...26

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ