Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Энергия үнемдеу туралы
11-бап. Энергия үнемдеу саласындағы нормалау,  стандарттау мен сертификаттау



Ст. 11 Энергия үнемдеу туралы



1. Энергия тұтыну нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және олар озық технологиялар жетiстiктерiн ескере отырып, әрбiр бес жылда қайта қаралып отыруға тиiс.

Отын-энергетика ресурстары шығынының нормативтерi мiндеттi түрде энергетикалық паспортқа, отын-энергетика ресурстарын тұтынатын жабдықтарды, үйлер мен ғимараттарды пайдалану және техникалық жағдайы жөнiндегi технологиялық нұсқаулықтарға енгiзiледi.

Отын-энергетика ресурстары шығынының нормативтерiн сақтау үшiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Мемлекеттiк стандарттар, техникалық нормалар мен ережелер энергия тұтыну саласында белгiленетiн талаптар республиканың бүкiл аумағында орындау үшiн мiндеттi.

Кез-келген мақсаттағы энергия тұтыну өнiмi, сондай-ақ энергетика ресурстары энергия тиiмдiлiгiнiң тиiстi көрсеткiштерiне мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс. Мiндеттi сертификаттау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 3. Энергетика ресурстарын шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезiнде, сондай-ақ оларды сертификаттау кезiнде мiндеттi түрде мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүзеге асырылады.

 Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Энергия үнемдеу туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Энергия үнемдеу туралы