Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Энергия үнемдеу туралы
3-бап. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi



Ст. 3 Энергия үнемдеу туралы



Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:

отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттырудың оларды шығару мен жылу және электр энергиясын өндiрудi молайтудан басымдығы;

отын-энергетика ресурстарын және (немесе) энергияны шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау және пайдалану кезiндегi адамның қауiпсiздiгi мен денсаулығын, оның өмiрiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегi басымдық

энергия үнемдеу саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;

энергия үнемдеудi, энергияның жаңғыртылатын көздерiн пайдалануды ынталандыруды экономикалық жағынан қолдау қажеттiгi;

өндiрiлетiн және жұмсалатын отын-энергетика ресурстарының анық есебiнiң мiндеттiлiгi;

отын-энергетика ресурстарын өндiрушiлердiң, жеткiзiп берушiлердiң және тұтынушылардың мүдделерiн үйлестiру;

энергия үнемдеуге жүйелi көзқарас;

энергия үнемдеу саласында ақпарат, бiлiм беру және ғылыми-зерттеу қызметiн iске асыру болып табылады.

Статья 1 2 3 4 5 ...20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Энергия үнемдеу туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Энергия үнемдеу туралы