Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Энергия үнемдеу туралы

Энергия үнемдеу туралы
7-бап. Уәкiлеттi органның энергия үнемдеу саласындағы құзыретi



Ст. 7 Энергия үнемдеу туралы



 Өкiлеттi орган энергия үнемдеу саласында:

энергия үнемдеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi;

министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың тиiстi қызметтерiнiң энергия үнемдеу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету бөлiгiнде оларға бақылау жасайды және оларды үйлестiрудi жүзеге асырады;

энергия үнемдеу сараптамасы туралы ереженi жасайды;

отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiне мемлекеттiк бақылау ұйымдастырады;

халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;

энергия үнемдеу бағдарламаларын әзiрлейдi;

энергия үнемдеудiң және жаңғыртылатын энергетикалық ресурстарды пайдалануды ынталандырудың нормативтiк-әдiстемелiк, құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;

энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Энергия үнемдеу туралы