Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы
16-бап. Энергия аудиті



Ст. 16 Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV



1. Заңды тұлғалар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді.

2. Энергия аудиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде, өтініш білдірген тұлғаның (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.

 Энергия аудитінің қорытындысы энергия аудитін жүзеге асырған заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі.

4. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жылда кемінде бір рет міндетті энергия аудитінен өтеді.

5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.

5-1. Ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.

6. Энергия-аудиторлық ұйымдарға:

осы энергия-аудиторлық ұйым немесе осы энергия аудитін жүзеге асыратын оның жұмыскерлері (энергия аудиторлары) қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;

 РҚАО-ның ескертпесі!

6-тармақтың үшінші абзацын алып тастау көзделген - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

соңғы үш жылда энергия менеджментін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) ұсынылған ұйымдарға;

энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының (немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын жұмыскерлерге (энергия аудиторларына);

энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар жұмыскерлерге (энергия аудиторларына);

энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерін қоспағанда, егер ұйымдардың аудиттелетін субъект алдында немесе аудиттелетін субъектінің ұйымдар алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуге тыйым салынады.

 Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

5-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау


Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV