Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы
24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі

Ст. 24 Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Осы Заң: 

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 9) тармақшасын; 

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағын; 

2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 4-тармағын; 

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-бапты; 

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағын; 

қуаты 100 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін – 2012 жылғы 1 шілдеден бастап, қуаты 75 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін – 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап, қуаты 25 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын; 

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасын; 

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-баптың 1 және 9-тармақтарын; 

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 21-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

2. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат, 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын. 
Қазақстан Республикасының 

Президенті 
Н. НАЗАРБАЕВ 
 
Статья 1 ...22 23 24

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV