Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 3 Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы
3-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары: 

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында техникалық реттеуді жүзеге асыру; 

2) энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну саласындағы теңгерімді тарифтік саясат пен баға белгілеуді жүзеге асыру; 

3) энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса алғанда, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру; 

4) энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада қоғамдық білім беру деңгейін арттыру; 

6) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Статья 1 2 3 4 5 ...24

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV