Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ойын бизнесi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;

2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;

2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық – бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын байқауға мүмкіндік беретін құрылғылар;

3) букмекер кеңсесi - ойын бизнесін ұйымдастырушы мен қатысушылар арасында ерікті түрде бәс тігу жасалатын ойын мекемесі;

4) заңдастырылған белгілер - ойын мекемесінің кассалары арқылы сатылатын және құмар ойындарға қатысу үшін ойын мекемелерінде пайдаланылатын, қолма-қол ақшаны алмастыратын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар;

4-1) интернет-казино – нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс;

5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі;

6) казиноның немесе ойын автоматтары залының кассасы - ойын бизнесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, қолма-қол ақшаны заңдастырылған белгілерге және заңдастырылған белгілерді қолма-қол ақшаға ұсату (айырбастау) бойынша қызметтер көрсететін ойын мекемесіндегі орын;

7) құмар ойын - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатысатын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;

7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;

8) міндетті резервтер - ойын бизнесін ұйымдастырушыға немесе өтінім берушіге меншік құқығында тиесілі, оның ішінде кредитке алынған және салымдарды алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес олар пайдаланатын  салымды беру шарттарымен банктік салым шарты негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылатын ақша;

9) ойын автоматы – құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын, ұтысын ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз осындай ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғы кездейсоқ тәсілмен айқындайтын ойын жабдығы (механикалық, электр, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);

10) ойын автоматтары залы - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі;

11) ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгуді ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

12) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

13) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;

14) ойын жабдығы – құмар ойындарды өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар;

15) ойын мекемесi – ұтыс алуды көздейтiн, осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес құмар ойындары және (немесе) бәс тiгу өтетiн ғимарат, үй-жай, құрылыс;

16) ойын үстелі - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің қатысумен құмар ойындар өткізуге арналған ойын жабдығы;

17) алып тасталды - ҚР 24.04.2015 № 310-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

17-1) өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;

17-2) мөлшерлеме - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;

18) тотализатор - ойын бизнесін ұйымдастырушының делдалдығы арқылы қатысушылардың арасында бәс тігу жасалатын ойын мекемесі;

19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы – бәс тігуге мөлшерлемелерді қабылдау, ол бойынша ұтыс төлеу жүзеге асырылатын орын;

19-1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, мөлшерлемелер қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе;

20) алынып тасталды - ҚР 2009.05.04 N 157-IV Заңымен;

21) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;

22) электрондық казино – аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) интернет-ресурсты пайдаланатын, нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін мекеме.

  Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219