Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ойын бизнесi туралы
12-1-бап. Букмекер кеңсесінің аппараттық-бағдарламалық кешені



Ст. 12-1 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219



1. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.

2. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс.

3. Аппараттық-бағдарламалық кешен букмекер кеңселерінің кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс.

 Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.04.2015 № 310-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...11 12 12-1 13 14 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-1-бап Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219