Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 9 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Ойын бизнесi туралы
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау

1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Ойын бизнесі саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.  

3. Лицензиялық алымның, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері, оларды есептеу және төлеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.  

4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі. 

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...17

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219