Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жеке тұрғын үй құрылысы туралы
1-бап. Негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213



Жеке тұрғын үй - қоныс учаскесiне орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл желектi екпелерiмен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй.

Жеке тұрғын үй құрылысы - белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы.

Жеке тұрғын үйлер құрылысының аумағы - елдi мекен (аудан, махалла, көше) аумағының азаматтарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, сондай-ақ инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерi бар кешенiмен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдаланатын бөлiгi.

Қоныс учаске - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке тұрғын үй орналастыру және шаруашылық жүргiзу үшiн азаматқа берiлген жер учаскесi.

Қоныс учаскесiндегi жылжымайтын мүлiк - инженерлiк инфрақұрылымды (соның iшiнде құрылысы аяқталмағандарды) қоса алғанда, азаматқа меншiк құқығында тиесiлi салынып жатқан тұрғын жайлар мен басқа да құрылыстар, жасыл желектi екпелер және жер учаскесiнен бөлiнбейтiн өзге мүлiк.

Ескерту. 1-бап өзгертiлдi - ҚР 1997.07.14 N 158 Заңымен.

Статья 1 2 3 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213